Home › Groups › Atameken Business - Жаңалықтар
Atameken Business - Жаңалықтар Telegram
Telegram Channel Link

Atameken Business - Жаңалықтар Telegram Channel Link

★★★★★ 0.0 (0 ratings)
👁 1 views ↗ 0 joins
🇮🇳 India 🌐 English # Business, Advertising & Marketing
About this telegram channel link
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна. Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз. Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Telegram Channel

Latest public posts from this Telegram channel.

305 subscribers
14 Oct 2026 latest post
Click to fetch the latest posts directly from Telegram.
«Жағдайлары жоқ»: Алиментті жаңаша есептеу ұсынылдыАлимент өндіру тетігіне өзгерістер енгізу керек. Оны АЕК-пен есептеу қажет. Бұл туралы «Түскі формат» бағдарламасына қатысқан Даурен Дидарбеков айтты. Сөзінше, шетелде мұндай тәжірибе бұрыннан бар. Жалпы елімізде алимент төлей алмай жүргендердің ішінде табысы төмен азаматтар бар. «Түскі формат» бағдарламасының толық нұсқасын YouTube арнамыздан көре аласыздар.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Онлайн-казиноларға қызмет көрсеткен халықаралық дропперлер желісі әшкерелендіҚаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, тергеу барысында төлемдерді өңдеумен айналысқан делдалдардың Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарының банк шоттарын пайдаланып, «дроп-фермалар» ұйымдастырғаны анықталды. Қазақстанға келген шетел азаматтарына ЖСН беріліп, олардың атына SIM-карталар мен банк шоттары ашылған. Кейін банк қосымшаларына кіруге рұқсаты бар ұялы телефондар осы шоттар арқылы ақша айналымын басқаратын адамдарға берілген.🗣Түркістан облысы мен Алматы қаласында Қазақстан банктерінің 89 картасын пайдаланған. Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олардан банк шоттарын басқаруға арналған 20 телефон тәркіленді. Аталған карталар арқылы жүргізілген операциялардың жалпы көлемі 500 млн теңгеге жеткен. Жамбыл облысында да бірнеше елдің аумағында әрекет еткен тағы бір қылмыстық топтың жолы кесілді.🟣Тінту барысында 180 банк картасы, 15 телефон, 50 мың АҚШ доллары, 27 мың USDT, төрт автокөлік, қару-жарақ, оқ-дәрілер және 26 SIM-карта тәркіленді. Банк карталарына түскен ақшаның жалпы көлемі 9,8 млрд теңгеден асқан.⏺Бес күдікті қамауға алынды.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Қазақстан алтын қорының бір бөлігін сатуға шығармақЖақында Қазақстанның алтынға қатысты позициясынан өзгерістерді байқадық. Ұлттық банк халықаралық резервтегі алтын үлесін төмендетіп, оны сатуға көшуді жоспарлап отыр екен. Бас банк жыл соңына дейін алтынның резервіндегі үлесін шамамен 3 пайызға қысқартып, 75 пайыз деңгейінде сақтамақ. Бұны басқа емес, жаһанға белгілі басылым Bloomberg хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.Бұл шешімге АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің артуы мен доллардың тартымдылығы, сондай-ақ резервтерді қайта теңгерімдеу қажеттігі себеп болыпты. Жоғарыда айтқанымыздай, осыған дейін Қазақстан әлемдегі ең ірі алтын сатып алушылардың бірі болып келген. Алайда Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, қазір алтынның резервтегі үлесі 78 пайызға жуықтап, тым жоғары деңгейге жеткен. Енді қайта төмендету қажет.Қыркүйек айының соңында шетел валютасындағы резерв 66,4 млрд долларды құрап, Ұлттық банктің алтын қоры 386 тоннаға дейін өскен. Мұндай көрсеткіш активтердің бір ғана түріне тәуелді болып қалу қаупін тудыратындықтан, халықаралық резервтердің өтімділігін сақтау үшін қайта теңгерімдеу қажет болып отыр. Демек, шешімге қарасақ, Қазақстан түрлі активтердің ішінен алтынды тым молайтып сатып ала берген.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
💰Құрылтай Үкіметтің 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдадыЖоспар бойынша, экономика жыл сайын орта есеппен 5,4 пайызға өседі. Ал инфляция деңгейі 2027 жылы 9,5 пайызға дейін жетсе, 2029 жылға қарай 6 пайызға дейін төмендемек.Сонымен қатар, бюджет тапшылығын азайтып, Ұлттық қордан алынатын трансфертті 2 триллион теңгеге дейін қысқарту көзделген.2027 жылдың өзінде бюджет кірісі 19,9 триллион, ал шығысы 30,2 триллион теңге болады. Оның 3,7 триллионы экономиканың нақты секторын дамытуға жұмсалады.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Алматыда бір мектептің 47 оқушысы ауруханаға түсті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, қазанның 12-13 аралығында республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен Балалар қалалық клиникалық жұқпалы…
Бектенов органдар сұраған ақшаның бәрін бермейміз деп отыр2027 жылға арналған бюджетті дайындау кезінде мемлекеттік органдар 36,9 трлн теңге сұраған. Алайда үкімет өтінімдерді 6,7 трлн-ға қысқартып, 30,2 трлн теңге ғана қарастырған. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Құрылтай отырысында айтты.Сөзінше, мемлекеттік шығыстар осы жыл ішінде де қысқартылып жатыр. Мәселен, 2026 жылы үкімет бюджетті қайта қарап, 360 млрд теңгені басым бағыттарға қайта бөлген.Сонымен қатар, елімізде мемлекеттік органдар үшін әкімшілік ғимараттар салуға рұқсат жоқ, яғни мораторий әлі күшінде. Бектенов мұндай нысандар айтарлықтай бюджет қаражатын талап ететінін атап өтті.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Ауқатты азаматтар мемлекеттен көмек алмауы тиіс – БектеновПремьер-министрдің сөзінше, қазір Үкімет әлеуметтік қамсыздандыру саласында ауқымды реформа жүргізіп жатыр. Ол адамның қай санатқа жататынына қарай емес, оның шын мәніндегі мұқтаждығына қарай көмек алу принципіне негізделген. «Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл принцип толыққанды жұмыс істейтін болады. Қазір ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде көпбалалы отбасы бай болсын, кедей болсын, мемлекеттен бірдей қолдау шараларын алады. Біздің ойымызша, бұл әділетсіз. Бай, ауқатты, өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтар мемлекеттен көмек алмауы тиіс. Олар өз күштеріне сенуі керек», – деді Олжас Бектенов Құрылтай отырысында.Мемлекет өзін қамтамасыз ете алмай отырғандарға қолдау көрсетіп отыр және әрі қарай да бұл көмекті жалғастыра береді, деп атап өтті ол.«Дегенмен, мемлекет көрсететін мұндай көмекті адам тұрақты деп емес, өзін табуға және уақыт өте келе мұқтаждар санатынан шығуға берілген мүмкіндік деп қабылдауы тиіс. Бұл да бізге айтарлықтай мемлекет қаражатын үнемдеуге және оны маңызды мақсаттарға қайта бағыттауға мүмкіндік береді. 2027 жылы бұл үнемдеу 700 миллиард теңгені құраса, үш жылдық кезеңде бұл сома шамамен 2,5 триллионға жуықтайды», – деді Үкімет басшысы.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Король мен Патшайым Астанадан Алматыға ұшып кетті. Президент мәртебелі меймандарды елорда әуежайынан шығарып салды.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Алматыда бір мектептің 47 оқушысы ауруханаға түстіҚоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, қазанның 12-13 аралығында республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Интернатта тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды. Мамандар тексеру жүргізіп жатыр.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Мәслихат сайлауы 29 қарашада өтеді Орталық сайлау комиссиясы Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлау күнін белгіледі. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылдыЖұмыс тобына жол құрылысының қолданыстағы жүйесі мен оның сапасын бағалау тәсілдерін қайта қарау, стандарттар мен құрылыс нормаларын жаңарту міндеті жүктелді. Саланы басқарудың жаңа тетігі, оның ішінде цифрлық шешімдерді де ескере отырып, жол инфрақұрылымын жақсартуға, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталады.Жұмыс тобына құзырлы орган өкілдері, сала сарапшылары мен депутаттар кірді. Премьер-министр осы жылдың 1 желтоқсанына дейін автожол саласын түбегейлі реформалау бойынша, оның ішінде заңнамалық шараларды қамтитын ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін! Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетпекші Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтар үшін баспана сатып алуды қолжетімді ету мақсатында бастапқы жарнаны төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Бұл іспен Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі айналысады.Сондай-ақ үкімет басшысы 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл ретте жаңа үйлер барлық қажетті инфрақұрылыммен және абаттандырумен қамтылуы тиіс. Әкімдіктерге жер учаскелерін алдын ала дайындауды және инженерлік желілерді тартуды жеделдету тапсырылды.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Жаңа талап киім бағасын қымбаттата мa?Биыл 1 желтоқсаннан бастап киімдерді міндетті таңбалаудың бірінші кезеңі басталады. Осы орайда отандық кәсіпкерлер бұл үрдістің тауар құнына қалай әсер ететінін айтып берді. «Түскі формат» бағдарламасына қатысқан кәсіпкер Нұргүл Қосаева міндетті таңбалау тауар құнына аса әсер етпейді. «Түскі формат» бағдарламасының толық нұсқасын YouTube арнамыздан көруге болады.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату…
Биыл тоғыз айда бюджетке 19,3 трлн теңге салық түстіСалық түсімінің өсуіне қосымша құн салығы ықпал еткен. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай деп отыр.«Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 19,3 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 трлн теңгеге немесе 18,2%-ға ұлғайды», – деді вице-премьер Үкімет отырысында.Оның айтуынша, өсімнің негізгі драйвері қосымша құн салығы болды. Ол бойынша түсімдер 37,3%-ға өскен. Оның ішінде ішкі өндіріс тауарлары бойынша – 54,1%-ға, импорт бойынша – 23,9%-ға.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
🇰🇿🏊 Астанада әлемдік жүзу жұлдыздары бақ сынайды15–17 қазан күндері Астанада жүзуден Swimming World Cup Astana 2026 әлем Кубогының кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасы сапында 22 спортшы бақ сынайды.🌍 «Барыс Аренадағы» 25 метрлік бассейнде өтетін жарыс Баку мен Ташкент кезеңдерін жалғайтын Silk Road Tour сериясының қорытындысы болмақ.🔥 Азиадада ұлттық рекорд жаңартқан Айбат Мырзамұратов, сондай-ақ Баку мен Ташкентте ел рекордтарын тіркеген Егор Попов пен Ғалымжан Балабек те жарыс жолына шығады.Қазақстандық жүзушілер әлемдік деңгейдегі мықты спортшылармен бір алаңда бақ сынайды.📸 Никита Басовt.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
Шетелдіктерге ЖСН беру тәртібі қатаңдатыладыҚазақстанда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға жеке сәйкестендіру нөмірін беру кезінде олардың елде болу заңдылығы тексерілмек. Ішкі істер министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі.Құжатқа сәйкес, ЖСН қалыптастыру және түзету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шетелдіктердің мәліметтері иммигранттардың эталондық деректер базасы арқылы тексеріледі.Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 28 қазанға дейін жалғасады.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Telegram Channel Link information
Country 🇮🇳 India
Language English
Type Telegram Channel Link
Subscribers 305
Rate this group

How would you rate this community?

0.0 ★ Join Group →